×

Әлинұр Хамзин Витебскідегі «Славян базарында» ІІ орын алды

2021 жылы Әлинұр Хамзин «Балалар Евровидениесі» сайысына қатысып, жерлесі Бекнұр Жәнібекұлы екеуі 8-орыннан көрінген болатын

 Қанат Атаманов 16.07.2022 | 20:30
Фото: ашық дереккөздерден

Жас талант «Қазағым-ай» әнін орындады. Бірінші орынды Ресей өкілі алса, үшінші орынды Болгария мен Мексиканың жас әншілері бөлісті. Ал Беларусь Грант-при иегері атанды.

Еске салсақ, 2021 жылы Әлинұр Хамзин «Балалар Евровидениесі» сайысына қатысып, жерлесі Бекнұр Жәнібекұлы екеуі 8-орыннан көрінген болатын.

Витебскідегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі – Беларусь республикасындағы елдер мен континенттерді біріктіретін ең ірі мәдени форум. Байқау 13-18 шілде аралығында өтеді, оған 24 елдің өкілдері қатысуда.

Қазақстандық орындаушылар 20 жыл бойы жыл сайын фестивальдің ересектер мен балалар байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Мысалы, 2015 жылы – Димаш Құдайберген, 2019 жылы – Әділхан Макин, 2021 жылы Рухия Байдүкенова Бас жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар әр жылдары Әлішер Кәрімов пен Ернар Садырбаев (Аmre) жүлдегер атанды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама