×

Назарбаевтың ескерткішін құлатқан Азамат Батырбаевты азаптаған полиция кінәсін мойындады

Бұл туралы заңгер Бауыржан Азанов мәлімдеді

 Халық үні 16.07.2022 | 16:06
коллаж: Halyq Uni

5 қаңтарда Талдықорғанда өткен наразылық акциясы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқан талдықорғандықты Азамат Батырбаевты полицейлер ыстық үтікпен азаптаған болатын. 

Азамат Батырбаевты азаптаған полицейдің өз кінәсін мойындағаны туралы ақпарат келіп түсті. Енді оның сотталуына кепілдік берілген. Мен мақсатыма жеттім, - деп жазды Бауыржан Азанов.

Еске сала кетейік, 38 жастағы Азамат Батырбаев қаңтарда Талдықорғанда болған тәртіпсіздікке қатысқаны үшін жауапқа тартылды. Ол 2016 жылы орталық алаңда орнатылған Назарбаев ескерткішін бұзу кезінде жүк көлігін жүргізген. Азамат Батырбаев ескерткішті бұзған 16 адамның қатарында болған. Қамауға алынған соң Батырбаевты сақшылар азаптап, денесін үтікпен күйдірген. Ақпан айының ортасында Батырбаев өзін азаптағандарды таныған соң қылмыстық іс қозғалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама