×

Полицейлер ұрып-соқты деген талдықорғандықтың өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды

Батырбаев 22 қаңтарда ұсталған

 Думан Қырықбаев 02.02.2022 | 18:33
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратура полиция қызметкерлерінің талдықорғандық А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат тарап жатыр.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталған.

23 қаңтарында жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан. А. Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қазір Батырбаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желіде Азамат Батырбаевқа Талдықорған қаласындағы «Елбасы ескерткішін құлатуға қатысқан адам ретінде» айып тақпақ болғаны, бірақ ол айыппен келіспегені үшін «азапталғаны» жайлы жазылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама