×

Қазақстан елшілігі Ресейде оқитын студенттерге үндеу жасады

Олар Ресейге кірген кезде көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек

 Халық үні 16.07.2022 | 13:52
Фото: ашық дереккөздерден

 Бұл туралы елшіліктің ресми сайты мәлімдеді.

Ресейге кірген кезде күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттер көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек. Келу мақсатының басқа түрлерін көрсету Ресей Федерациясының көші-қон заңнамасын бұзу болып табылады, – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, студенттер келген күннен бастап 90 күн ішінде белгіленген медициналық ұйымдарда медициналық тексеруден өтуге тиіс. Мұндай ұйымдардың тізімін білім алып жатқан университет әкімшілігінен сұрауға болады.

Ресей Федерациясының аумағындағы барлық шетелдік азаматтар үшін сақтандыру полисінің болуы міндетті екенін ескертеміз. ЖОО сақтандыру компанияларымен бірлесіп, студенттерге арналған арнайы бағдарламаларды, соның ішінде 07.01.2021 жылғы 274-ФЗ Федералдық заңына сәйкес ақылы медициналық тексеруден өту қызметтерін әзірледі, – деп қосты ведомство.


 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама