×

Тоқаев тамыз айында Әзербайжанға барады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында Әзербайжанға сапармен келетінін мәлімдеді 

 Халық үні 16.07.2022 | 11:39
Фото: ашық дереккөздерден

Ол тамыз айында Қазақстан президентін күтетінін, кездесу барысында бірқатар мәселелерді талқылайтындарын айтқан

Қазақстан президентінің Әзірбайжанға сапары келесі айда күтілуде, - деді Әлиев жұма күні бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен кеңесте.

Ол Әзірбайжан Түркі мемлекеттері ұйымында үнемі белсенділік танытып, ұйым аясында да, мүше елдер арасында да байланыстарды кеңейтіп жатқанын айтты.

Әрине, түркі мемлекеттерімен қарым-қатынасымыз біз үшін басым мәселелердің бірі, біз өзара саяси қолдау білдіреміз, маңызды жобаларды екіжақты және көпжақты форматта талқылаймыз. Көлік, энергетика және басқа да салаларда белсенді ынтымақтастық жүргізілуде, - деп қосты Әлиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама