×

Украина АҚШ-тан Ресейді атқылауға «HIMARS» сұрап отыр

Қазір осы мәселе бойынша келіссөз болып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 15.07.2022 | 10:13
фото: moscowtimes.ru

Украина АҚШ-тан снаряды 300 шақырымға дейін жететін «HIMARSCpl Lauren Whitney» дүркін отты реактивті жүйесін алуы мүмкін. Қазір Украина АҚШ-пен осы тақырыпта келіссөз болып жатыр.

Бұл туралы  Жоғарғы Раданың ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі Федор Вениславскийдің телемарафон эфирінде сөйлеген сөзін келтіріп, The Moskow Times порталы хабарлады.

Депутаттың айтуынша, Украинаның снарядтарды алуға барлық мүмкіндігі бар.

Біздің еліміз «HIMARS-тың» алыс қашықтықтағы ракеталарын алудың қажеттілігі жөнінде АҚШ өкілдерімен барлық деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр. Қазір бізде 70 шақырымға дейін баратын ракеталар ғана бар, – деді ол.

Бұған дейін АҚШ Украинаға реактивті жүйенің 8 данасын берген еді. Жақын арада олардың қатарына тағы 4 қондырғы қосылады. АҚШ президенті Джо Байден алдағы уақытта тағы 100 осындай отты қару берілетінін мәлімдеді.

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштері «HIMARS-ты» өте тиімді пайдаланып отырғанын айтты. Украин әскерлері қару-жарақтың көмегімен Ресей оккупанттары басып алған территориядағы 10-нан аса қару-жарақ қоймасын жарып жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама