×

15 ірі құрылыс компаниясы пәтердің бағасын негізсіз көтерген

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2022 | 17:40
фото: sputnik.kz

Еліміздегі 15 ірі құрылыс компаниясы пәтердің бағасын 20 пайызға көтерген. Баспана бағасын негізсіз қымбаттатқан 14 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы біреуіне қатысты тергеу болып жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, заң бұзған мердігер мекемелердің тағы бір тобы Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында да тіркелген. Агенттік тарапынан оларға 10 млн теңге айыппұл салынды.

«15 компанияның 14-і ғана баяғы ескі бағаға қайтып келеді. Біреуі қаперге алмады. Сол үшін агенттік тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары болып жатыр. Ал 10 млн теңге айыппұлға қатысты айтар болсақ, агенттік тарапынан тиісті ақпаратты уақытылы құрылыс компаниялары дұрыс бермеген», – деді Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің ресми өкілі Нұржан Садырбай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама