×

Коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр

Елімізде 16 науқастың жағдайы өте қиын 

 Дәурен Ерболат 13.07.2022 | 09:16
Фото: © AFP

Өткен тәулікте Қазақстанда 820 адам СOVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Елімізде коронавирус жұқтырудың 820 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 180,
  • Алматыда – 280,
  • Шымкентте – 87,
  • Ақмола облысында – 8,
  • Ақтөбе облысында – 3,
  • Алматы облысында – 67,
  • Атырау облысында – 17,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 12,
  • Жамбыл облысында – 35,
  • Батыс Қазақстан облысында – 7,
  • Қарағанды облысында – 56,
  • Қостанай облысында – 9,
  • Қызылорда облысында – 19,
  • Маңғыстау облысында – 10,
  • Павлодар облысында – 8,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 9,
  • Түркістан облысында – 13.

Осылайша, елімізде СOVID-19 жұқтырғандар саны 1 311 190-ға жетті. 

Сондай-ақ өткен тәулікте 343 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 74,
  • Алматы қаласында – 236,
  • Атырау облысында – 2,
  • Жамбыл облысында – 9,
  • Қарағанды облысында – 16,
  • Қостанай облысында – 4,
  • Павлодар облысында – 2.

Қазақстанда барлығы 1 293 899 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

13 шiлдедегi мәлімет бойынша, 3 700 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 433 науқас стационарда, 3 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.16 адамның жағдайы ауыр, жағдайы өте ауыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқас жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше коронавирус жұқтырудың 482 дерегі тіркелген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама