×

Үкімет басшысы қазақ мұнайын тасымалдауға қатысты пікір білдірді

Ресеймен мәселе 6 шілде күні-ақ шешілген

 Дастан Жұмабекұлы 13.07.2022 | 09:12
Көрнекі фото

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалдауға қатысты пікір білдірді.

5 шілдеде Новороссийсктегі аудан соты Каспий құбыры консорциумының жұмысына бір айға шектеу қойды. 6 шілдеде біз ресейлік әріптесіміз – Үкімет төрағасымен байланысып, сол күні мәселені шештік. КҚК құбырының жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр. Мұнай экспортына ешқандай шектеу жоқ, - деді Үкімет басшысы Qazaqstan телеарнасындағы «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында. 

Бұған дейін Новороссийск қаласындағы аудандық сот Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Кейін Ресей соты КҚК жұмысын тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұл төлеуге өзгертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама