×

«Қазфосфат» басшылығының ұсталып, кәсіпорында тінту жүргенін жоққа шығарды

Кәсіпорында ешқандай тінту жүргізілген жоқ

 Қанат Атаманов 12.07.2022 | 20:30
Фото: ашық дереккөздерден

Компанияның баспасөз қызметі аталған кәсіпорын басшылығының қамауға алынғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді.

Қазфосфат» ЖШС басшысы Нұрхан Нұрлановқа қатысты тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Кәсіпорында ешқандай тінту жүргізілген жоқ. Н.Нұрлановқа қатысты ешқандай орган тарапынан ұстау әрекеті болған емес. Тарап жатқан ақпарат – фейк, - делінген компания таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, зауытытң баспасөз қызметі азаматтар мен ұйымдардың құқықтары және заңды мүдделеріне зиян келтіретін жалған мәліметтерді таратушылардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жазаланатынын еске салды.

Айта кетсек, кеше Тараз қаласындағы минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытта апат болған болатын. Ал бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазфосфат» ЖШС-нің Жамбыл филиалындағы апатқа байланысты жоспардан тыс тексеру жүріп жатқаны мәлім етілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама