×

Алматыда бетперде тағу ұсынылды

Қалада COVID-19 вирусын жұқтырғандардың 80%-ы вакцина алмаған

 Дастан Жұмабекұлы 12.07.2022 | 17:24
фото: almaty.tv

Алматы қаласының әкімдігі жабық ғимарат пен қоғамдық көлікте бетперде тағуды ұсынды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елде COVID-19 ауруының көбейіп жатқанын ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.

Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі:

науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыру; 

вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру; 

жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте бетперде кию, –  делінген хабарламада. 

Әзірге бетпердені тағу ұсыныс қана. Бұған дейін хабарланғандай, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Алматыда COVID-19 вирусын 

жұқтырғандардың 80%-ы вакцина алмағанын, сол себептен ауру көбейіп, қала «сары аймаққа» өткенін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама