×

Елімізде шалғай ауылдарда дәріхана пунктері пайда болады

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгерістер енгізілді

 Динара Амантай 12.07.2022 | 09:43
Фото: egemen.kz

Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту және шалғайдағы ауылдық елді мекендерде және ауылдық денсаулық сақтау объектілерінде дәрі-дәрмектерге қолжетімділік деңгейін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Бұл туралы ДСМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы мүгедек азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылдауды көздейтін заңға қол қойды, онда кодекске енгізілген өзгерістер ескерілген. Министрлікпен кодекске өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлеу кезінде препараттарды сатып алу үшін аудан орталықтарына жүгінуге мәжбүр ауыл тұрғындарының қажеттіліктері ескерілді. Осыған байланысты кодекске енгізілген өзгерістер ауыл тұрғындарының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қолжетімділігін арттырады және оларды сатып алу үшін ірі елді мекендерге бару қажеттігіне байланысты шығындарды азайтады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, дәріханалар жоқ ауылдық елді мекендердегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері немесе жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізілетін болады.

Айта кететін жайт, статистикалық деректерге сәйкес қазіргі уақытта Қазақстан халқының шамамен 40%-ы ауылдық жерлерде тұрады, бұл ретте әрбір үшінші елді мекенде дәріханалар жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама