×

Қазақстандық каратэші қыз Бүкіләлемдік ойындарда 1-орын алды

Ол финалда Испаниядан келген Мария Торрес Гарсионы жеңген

 Еркеғали Болатұлы 11.07.2022 | 17:28
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева АҚШ-та 2022 жылғы Бүкіләлемдік ойындарда бірінші орын алды деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК).

Каратэден қатысқан қазақстандық команданың өкілі Софья Берульцева Бирмингемде (АҚШ) Бүкіләлемдік ойындар-2022 додасында жеңіске жетті, - делінен хабарламада.

Айта кетсек, ол финалда Испаниядан келген Мария Торрес Гарсионы жеңген.

Турнирге әлемнің ең мықты деген 96 спортшысы қатысқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама