×

Қытайлықтар түнгі клубта Жапония саясаткері Синдзо Абэнің өлімін атап өтті (ВИДЕО)

Бұл Пекин мен Токио арасындағы дипломатиялық қатынастардың күрделенуіне қауіп төндіруі мүмкін

 Қанат Атаманов 11.07.2022 | 00:33
Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желіде Қытай жастарының түнгі клубта Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің өлімін атап өткен сәті бар видео пайда болды. Видеодан жастардың билеп жүргенін, ал баннерде және нысанның қабырғаларында саясаткердің суреттері ілінгенін көруге болады.

South China Morning Post сайтының хабарлауынша, Жапон саясаткерінің өлімі қытай қоғамында келіспеушілік тудырған. Егер кейбір желі қолданушылары қазаға байланысты көңіл айтып жатса, қытай ұлтшылдары осылайша көңіл көтеруде.

Басылым жастардың бұл қылығы Қытайдың халықаралық деңгейдегі беделіне нұқсан келтіретінін жазды. Сонымен қатар, бұл Пекин мен Токио арасындағы дипломатиялық қатынастардың күрделенуіне қауіп төндіруі мүмкін.

Синдзо Абэ қайтыс болуынан үш ай бұрын АҚШ-ты Тайваньға әскери кепілдік беруге шақырған болатын. Кейбіреулер оны өлтірушіні батыр деп атауда. Өйткені Синдзо Абэ Қытайдың Үнді-Тынық мұхиты аймағында өсіп келе жатқан экономикалық, дипломатиялық және әскери қатысуына қарсы тұруға бағытталған сыртқы саясаттың бастаушысы болды. Бұл Пекинді ашуландырды, - деп жазады басылым.

Сонымен қатар, Синдзо Абэ жиындардың бірінде Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыс тарихымен байланыстырылмағанын қалайтынын айтқан-ды. Ал миллиондаған қытай Екінші дүниежүзілік соғыста жапон фашистерінің қолынан қаза тапқаны белгілі.

Біз бұған дейін Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің Нара қаласында қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама