×

Зеленский Украинаның бес елдегі елшісін қызметінен босатты

Зеленский Украина елшілерінің жұмыстан босатылуын тұрақты ротация деп атады

 Халық үні 10.07.2022 | 16:16
Фото: ашық дереккөздерден

Украина басшысының жарлығы бойынша Украинаның Венгриядағы, Норвегиядағы, Чехиядағы және Үндістандағы елшілері қызметінен босатылды.

Украинаның Үндістандағы елшісі Украинаның Мальдив аралдары, Непал, Шри-Ланка және Бангладештегі елшісі қызметінен де босатылған.

Сондай-ақ БАҚ Германия үкіметі Ресейден отын транзитін қалпына келтіру үшін, Siemens турбинасына байланысты екі ел арасындағы қайшылықтар күшейгеннен кейін Германиядағы елші Андрей Мельник жұмыстан босатылғаны туралы жазып жатыр.

Жарлықтар Украина президенті сайтында жарияланды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама