×

Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды

Жыртқыш сүтқоректі Орталық Азияда ғана кездеседі

 Халық үні 10.07.2022 | 10:20
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл жайында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусіні Алматы қорығында орнатылған фототұзаққа ілінді.

Қорық аумағында теңіз деңгейінен 1200 – 2800 метр биіктікте, аралас және қылқан жапырақты орманда мекен етеді.

Бұл территорияда шамамен 16 сілеусін бар.

Олар жарты жылдың ішінде (2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта) 11 рет фототұзаққа түскен.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама