×

Нұр-Сұлтанда бензин қоры 16 күнге ғана жетеді

Қазір елімізде АИ-95 қоры 40 мың тонна

 Халық үні 10.07.2022 | 00:37
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда ай сайын 70 мың тонна АИ-95 маркалы бензині қолданылады, деп хабарлайды  Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Қазір елімізде АИ-95 қоры 40 мың тонна, ай сайынғы тұтыну көлемі 70 мың тоннаны құрайды», - деген хабар таратты министрліктің баспасөз қызметі.

Ақпаратта айтылғандай бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы бензин қоры 16 күнге жетеді.

«Егер жанар-жағармай құю бекетінде бензин сатуға қатысты шектеу болса, оның мән-жайын сол жерден сұрау керек», - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама