×

Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын бүгінгі мейраммен құттықтады

 Халық үні 09.07.2022 | 09:18
Фото: ашық дереккөздерден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл — имандылық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен жанашырлықтың мейрамы. Мұсылмандар осы күнде мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық көрсетеді, — деді президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқаратынан айтты.

Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі. Халықты береке-бірлікке шақырып, ырыс-ынтымағын еселейді. Бейбітшілік пен ізгіліктің бастауы болған ата дініміздің басты мәні — осында. Бүгінгі ұлық мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!, — делінген президенттің құттықтауында.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама