×

Маңғыстау қантты Жамбыл облысынан сатып ала бастады

Осыған дейін шекер Ресейден жеткізілген

 Дәурен Ерболат 07.07.2022 | 09:09
Фото: instagram.com/mangystau.news

Маңғыстау облысындағы дүкендерге тұрақтандыру қорынан қант жеткізіле бастады, деп хабарлайды «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі.

Аталған мекеменің тұрақтандыру қорынан өткен айда 70 кәсіпкер қант алған. 132 тонна қант өңірдегі шағын кәсіпкерлерден бөлек, «Дина», «Анвар», «Идеал Маркет» сынды ірі сауда желілеріне сатылды.

Осыған дейін тұрақтандыру қорына шекер «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» арқылы тасымалданып келген. Енді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қантты Жамбыл облысынан да жеткізе бастады.

Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорында 195 тонна шекер бар.

Біз осыған дейін қантты Астраханнан тасымалдайтын кәсіпкерден сатып алып отырдық. Соңғы шектеулерге байланысты олар жұмысын тоқтатты. Қазір «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қолжетімді бағада ала бастадық. Осы қоймадан қант алуға үшінші рет келіп тұрмын. Қазір 2 тонна қант алып бара жатырмын. Бұл бізге 1 айға жетеді деп жобалап отырмыз, - деді кәсіпкер Мейірбек Мекеев.

Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тұрақтандыру қорында қант мөлшері жеткілікті.

Қордағы қант қала мен аудандардағы кәсіпкерлік бөлімінің сұраныс хатына сай жеке кәсіпкерлерге сатылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама