×

Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың 13 пайыздан астамы - 14 жасқа дейінгі балалар

ПТР скрининг барысында республика бойынша тексерілген үлгілердің 78% «стелс-омикрон» екені анықталды

 Қанат Атаманов 07.07.2022 | 00:00
Фото: ашық дереккөздерден

Бүгінге дейін еліміз бойынша КВИ жұқтырудың 1 307 517 дерегі анықталды. Оның ішінде 13,5% 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. 

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, эпидемиологиялық зерттеулер балалардың ауру жұқтыру көзі отбасылық қарым-қатынас, яғни коронавирусқа қарсы егілмегенін, иммунитет қалыптаспаған ересек адамдар екенін көрсеткен.

Сондықтан отбасында медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, иммундауға жататын ересек адамдардың вирусқа қарсы екпе алып, қорғанысты күшейтуі балалар арасындағы аурушаңдықтың алдын алуда маңызды. Коронавирустық инфекцияның соңғы жаңа «омикрон» нұсқасының «стелс» түрі әлемде 2021 жылғы желтоқсан айынан бастап айналымда. Ағымдағы жылғы маусым айында өткізілген ПТР скрининг барысында республика бойынша тексерілген үлгілердің 78% «стелс-омикрон» екені анықталды, - деп жазды комиссия.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама