×

Мишустин Қазақстанның орыс тіліне деген ықыласына ризашылық білдірді

Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға дайындық жүріп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 05.07.2022 | 09:55
фото: ашық дереккөз

Бүгін РФ премьер-министрі Михаил Мишустин Екатеринбургте қазақстандық әріптесі Әлихан Смайыловпен келіссөзде Қазақстанның орыс тіліне «ықыласты көзқарасын» атап өтті.

Біз мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылға ерекше мән береміз. Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарын, оның ішінде Мәскеу инженерлік-физикалық институтының Алматыдағы филиалын ашуға дайындық жүріп жатыр. Қазақстанда ресми мәртебеге ие орыс тіліне деген ықыласты атап өткім келеді. Бұл біздің азаматтарымыздың еркін араласуына, іскерлік қарым-қатынас жасауына және мәдениетаралық байланыс орнатуына мүмкіндік береді, - деді ресейлік шенеунік.

Сондай-ақ ол Ресей мен Қазақстанның ЕАЭО-да бірігіп, жемісті жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Біз ортақ нарықтардағы кедергілерді, тосқауылдарды, шектеулерді біртіндеп алып тастаймыз және тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етеміз. Біз үшінші елдерден тәуелсіз қаржы-есеп айырысу инфрақұрылымын жасаймыз. Ең бастысы, Еуразиялық интеграцияны тереңдетуден нақты басымдықтарға ие болып отырған кәсіпкерлер мен біздің елдеріміздің азаматтарының мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеміз», - деді Михаил Мишустин.

Сөз соңында ол өзінің Ресей мен Қазақстанның күн тәртібіндегі екіжақты мәселелердің барлығын талқылауға дайын екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама