×

Президент Үкіметке шикізат тәуелділігінен арылуды тапсырды

Бұл экономиканың орнықты дамуы үшін маңызды қадам болады

 Дастан Жұмабекұлы 27.06.2022 | 15:35
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізіп, Үкіметке шикізат тәуелділігінен арылу үшін бірнеше тапсырма берді.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент ұзақ мерзімді шетелдік инвесторларды теңге түріндегі тәуелсіз облигацияларға тартудың өзектілігін атап өтті. Президент қазіргі құбылмалы жағдайда инвестициялар мен ресурстар үшін бәсекелестік күшейеді деген пікір білдірді. Инвесторлар корпоративтік басқару қағидаттары жоғары деңгейде сақталатын, заң үстемдік ететін және халықаралық юрисдикциясы бар алаңдарды іздейді.

Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет. Ол үшін халықаралық депозитарийлермен өзара тығыз ықпалдастық орнату керек. Мұндай жағдайда реттеушілік режим мен халықаралық құқыққа негізделген АХҚО алаңы тартымды болады. Үкіметке Ұлттық банкпен және АХҚО-мен бірігіп, ұзақ мерзімді институционалдық инвесторлары бар әлемдік инфрақұрылымға қосылу мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл экономикамыздың орнықты өсімі үшін маңызды қадам болады, – деді Президент.

Бұдан басқа Мемлекет басшысы «жасыл» жобаларды іске асыру мәселесін айтып, экономиканы көміртектен арылтуды тапсырды.   

Бұл экономиканы көміртегінен арылту және көміртегін аз пайдалану технологияларын дамыту жөніндегі жаһандық міндеттерді еліміздің сәтті шешуге қабілетті екенін дәлелдеуіне ықпал етеді. Үкіметті, «Астана» халықаралық қаржы орталығын және Кеңес мүшелерін осы бағыттағы жұмыстың қарқынын бәсеңдетпей, жалғастыра беруге шақырамын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергия тасымалдаушы жаһандық нарықтардың және әлемдік азық-түлік орталықтарының трансформациялануы кезінде Қазақстанның рөлін күшейту маңызды екеніне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және кез келген тәуекел-қатерлерден алшақ тұратын басты тауар биржасын орналастыру мәселесін шешудің өзектілігін атап өтті.

Қазақстан үшін сенімді әрі бәсекеге қабілетті инфрақұрылымы бар биржа нарығы жөнінде мәлімдеу өте маңызды. Бұл аймақтық және жаһандық саудада көшбасшылыққа ие болу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Үкімет осы мәселені жан-жақты пысықтауы керек, – деді Президент. 

Жалпы, отырыста «Астана» халықаралық қаржы орталығының былтырғы атқарған жұмыстары қорытындыланып, оны әрі қарай дамыту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар  
24.09.2022 | 19:50

Талдықорғанда иттердің төбелесін ұйымдастырған ер адам жазаланды

22 жастағы қала тұрғыны төбелес видеосын әлеуметтік желіге жүктеген
24.09.2022 | 18:03

Петропавлда ормандағы ағашты отағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Кәсіпкер ағаштарды заңсыз отап тастаған
24.09.2022 | 17:36