×

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Сұлтан Қамалетдинов бұған дейін Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін басқарды

 Халық үні 17.11.2021 | 11:36
Сұлтан Қамалетдинов, фото: zakon.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Дәндібаев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылып, оның орнына Қорғаныс министрінің орынбасары лболып Сұлтан Қамалетдинов тағайындалды. Ол Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды.

Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылы дүниеге келген. 1986 жылы Ташкенттегі жоғары танк командалық училищесін аяқтаған. Әр жылдары танк батальоны, танк полкі, механикаландырылған бригада командирі қызметін атқарды.

2006-2008 жылдары «Восток» өңірлік қолбасшылығы әскерлері басқармасы штабы басшысының орынбасары болды.

2010 жылы Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығы басқарамасы штабының басшысы болып тағайындалса.

2013-2016 жылдары «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне басшылық етті.

2019 жылдың 18 қазанынан бастап Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама