×

«Бұл эмоциямен шешетін мәселе емес». Білім министрлігі мектеп формасы туралы мәлімдеме жасады

Мектеп формасы туралы 2016 жылы шыққан бұйрық бар

 Қанат Атаманов 09.06.2022 | 05:30
Фото: ашық дереккөздерден

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова мектеп формасын кию ережесі өзгермегенін мәлімдеді. 

Қазақстан – ол зайырлы мемлекет. Сол себепті мектептер де зайырлы мекеме болып саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылы шыққан бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Қазіргі уақытта бұл бұйрық күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз біліммен қамтылмауы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Бұл эмоциямен шешетін мәселе емес. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктерін іздестіріп жатырмыз. Бұл жерде әңгіме хиджаб туралы болып отырған жоқ, - деді Гүлмира Каримова.

Ол түрлі ұсыныс түсіп жатқанын, соның ішінде оларды отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша ұсыныстар бар екенін атап өтті.

Гүлмира Каримованың пікірінше, ең алдымен балалардың мүдделері мен заңнамадағы нормаларды негізге алу керек.

Айта кетсек, біз бұған дейін еліміздегі мектептерде қыздарға орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама