×

Еліміздегі мектептерде қыздарға орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін

Әртүрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды

 Еркеғали Болатұлы 07.06.2022 | 10:27
фото: malim.kz

Білім және ғылым министрлігі орамал тағуға тыйым салғандықтан, ата-анасы мектепке баруға рұқсат бермей отырған оқушыларға қатысты ережені жеңілдетпек.

Министр Асхат Аймағамбетов мектептерде орамал тағу мәселесі үнемі көтеріліп, тек Қазақстанда ғана емес, басқа да бірқатар елдерде осыған қатысты талқылаулар жүріп жатқанын атап өтті.

«Бірақ Қазақстан зайырлы мемлекет, мектеп те зайырлы мекеме. Сонау 2016 жылы қабылданған бұйрық, талаптар бар. Дегенмен әртүрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды екенін көріп отырмыз.

Мысалы, біз ата-анасы орамал таға алмағандықтан мектепке жібермей жүрген қыздардың мәселесін қарастыра алар едік. Осы себепті балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болса, бұл кері әсер етеді. Ал біз инклюзивті қоғам болуымыз керек, – деді Асхат Аймағамбетов Nur.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы 2016 жылы шыққан болатын. Құжатқа сәйкес, мектеп формасына пиджак, шалбар, жейде, белдемше кіреді. Мектепте орамал тағуға рұқсат жоқ. Ол үшін айыппұл салынады.

Бұл жаңа ережелер нешетүрлі діни ағым өкілдері тарапынан наразылық тудырды. Қазақстан мектептерінде орамал тағуға тыйым салынғандықтан, кейбір оқушылар ресейлік онлайн мектептердегі оқуға көше бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама