×

«Қайрат» клубына Бердыевтың орнына жаңа бас бапкер келді

2019-2020 жылғы маусымда бас бапкердің көмекшісі болған Кирилл Кекер «Қайраттың» негізгі командасында қызметінде болған

 Қанат Атаманов 08.06.2022 | 19:40
Фото: inform.kz

Қазақстандық маман Кирилл Кекер «Қайраттың» жаңа бас бапкері болып тағайындалды.

Кирилл Кекер – «Қайрат» академиясындағы жас ойыншылармен өнімді жұмыс істеген ең мықты мамандардың бірі. 2017 жылғы маусымда Кекер шәкірттері 2002 жылы туған балалар арасындағы ҚР біріншілігінде өздерінен бір жас үлкен қарсыластарын қапы қалдырып, алтын жүлдеге қол жеткізді, - клублтың ресми сайтында.

2019-2020 жылғы маусымда бас бапкердің көмекшісі болған Кирилл Кекер «Қайраттың» негізгі командасында қызметінде болған. Ал 2021 жылғы маусымды ол «Қайрат-Жастардың» бас бапкері болса, маусым айында «Қайрат» ФК бас жаттықтырушы қызметін атқарған.

Еске салсақ, бұған дейін «Қайрат» Құрбан Бердыевпен келісімшарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келгенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама