×

Құрбан Бердыев «Қайраттан» кетті

Оның басшылығымен команда алғаш рет Еурокубоктың топтық турнирінде өнер көрсетті

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2022 | 17:57
фото: championat.com

«Қайрат» футбол клубы ресейлік жаттықтырушы Құрбан Бердыевпен келісім шартты тоқтатты.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

Әзірше оның орнына «Қайраттың» бас жаттықтырушы қызметіне кімнің келетіні белгісіз.

«Қайрат» футбол клубы және команданың бас бапкері Құрбан Бердыев келісім шарт мерзімін, уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келгенін хабарлайды.

Құрбан Бекиұлымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетеді.

Бердыев ойыншы ретінде де Алматы клубының намысын қорғаған. Жартылай қорғаушы позициясында 160 рет алаңға шыққан.

Өткен ғасырдың 90-жылдардың басында, Құрбан Бекиұлы «Қайратта» ассистент, одан кейін бас жаттықтырушы болды. 1992 жылы клуб Қазақстан чемпионы атанды.

2021 жылы Бердыев Алматылық клубқа қайта оралды. Алғашында бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. Одан кейін команданың бас жаттықтырушысы болды. «Сары-қаралар» Құрбан Бердыевтің басшылығымен алғаш рет Еурокубоктың топтық кезеңінде өнер көрсетті. Қазақстан Кубогын да жеңіп алды», – делінген хабарламада.

Қазір команда Премьер-лигада 12 турдан кейін 16 ұпай жинап, сегізінші орында тұр.

«Қайрат» футбол клубы Құрбан Бекиұлы мен оның көмекшілеріне алғыс айтып, тек сәттілік тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқан 28 адам жауапқа тартылды – ІІМ

Полицейлер заң бұзғандарды анықтау үшін шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейді
03.10.2022 | 17:53

Жамбыл облысында ҰҚШҰ оқу-жаттығуы басталды

Олар 3-7 қазан аралығында болады
03.10.2022 | 17:38

Үкімет халыққа көмірді үйден шықпай-ақ ала алатын жағдай жасамақ

Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет
03.10.2022 | 17:22

Солтүстік Осетия ресейліктердің Грузияға өтуіне кедергі келтірді

Өткізу бекетінде әскерге шақыру қағазын тарататын жедел топтар құрылған
03.10.2022 | 17:17