×

Ақтауда жасөспірім теңізге батып кетті

Қасындағы екі досын куәгерлер құтқарып қалды

 Динара Амантай 03.06.2022 | 13:57
Фото: inaktau.kz

Ақтаудағы Приморский ауылы маңындағы жағажайда бір жасөспірім суға батып мерт болды, тағы екі баланы тұрғындар аман алып қалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады

2005 жылы туған бала «Солдатский» жағажайы тұсында серфинг кезінде суға батып кеткен. ТЖД-нен 5 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 1 техника, «Апаттар медицина орталығы» ММ-нен 3 қызметкер, 1 техника іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды, – деді Ақтау қалалық ТЖБ аға инженері Есен Борашев.

Қайғылы оқиға туралы хабар құтқарушыларға кеше 2 маусым күні сағат 17:13-те түскен. Алайда баланың денесі бүгін сағат 08:35 шамасында табылды.

Тағы оқи отырыңыз: Елордада екі бала Есіл өзеніне батып кетті. Түркістан облысында 10 жастағы екі баланың мәйіті табылды. Қарағандыда үш ер адам суға батып кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама