×

Түркістан облысында 10 жастағы екі баланың мәйіті табылды

Анасы ұлын таппай қалғанын айтып көмек сұраған

фото: egemen.kz

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында екі жеткіншек суға батып кетті. 10 жастағы 2 баланың мәйіті Бөген өзенінен табылды. Бұл туралы Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

ПД мәліметінше, Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзенге шомылуға кеткен ұлын таппай қалғанын айтып көмек сұраған.

Оның айтуынша, 2012 жылы туған екі бала Шалдар ауылының маңындағы «Бөген» өзенінің 2 метр тереңдіктегі жеріне түскен. Содан судан шықпапты. Қасында болған екі бала көмекке ауылдастарын шақыртқан. Оқиға орнына Бәйдібек АПБ-нің бастығы бастаған жедел-тергеу тобы мен прокуратура қызметкерлері, төтенше жағдай қызметінің 34 маманы мен 11 техника жұмылдырылған. Бірнеше сағатқа созылған жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде екеуінің де мәйітін табылды.

«Оқиға орнын қарау барысында балалардың киімдері мен велосипедтері табылды. Қазіргі таңда аталған дерек Бәйдібек АПБ-де тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде», - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдірахманқызы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45

1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады
01.04.2023 | 00:50