×

ТЖМ Қазақстандағы қазіргі су тасқыны жағдайы туралы айтты

50 мыңға жуық адам үйлеріне оралды

 Халық үні 05.05.2024 | 23:37
Фото: Мейірбек Тажқұранов

ТЖМ 5 мамырда Қазақстанда болған су тасқыны жағдайы туралы хабарлады. 

Министрліктің Telegram-арнасында хабарланғандай, бүгінге дейін республика бойынша бұрын су тасқыны салдарынан эвакуацияланған 49 819 адам үйлеріне оралды.

Республика бойынша 8767 жеке тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 15,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған дейін Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті деңгейден асқаны белгілі болған. Қазір облыста жағалайды нығайту қорғау жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар Құлсарыда 100-ден астам жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр. Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 800-ге жуық адам бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінде су тасқыны қаупі қай өңірлерде сақталатынын – Қазақстанның солтүстігі мен батысында су тасқыны жалғасып жатқанын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама