×

Ер адам әкесінің протезге деп жинаған ақшасын ұрлаған

Күдікті әкесінің қаражатын өз қажетіне жұмсағанын мойындады

 Қанат Атаманов 02.06.2022 | 19:40
Фото: ашық дереккөздерден

Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласында сорақы оқиға орын алды. Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 600 мың теңгесін ұрлатып алған қарт арызданған.

Жарымжан протез сатып алуға жинаған ақшасын үйінде сақтап келген. Тексеру нәтижесінде қаражатты жәбірленушінің 54 жастағы жұмыссыз ұлы ұрлағаны белгілі болды. Кейін ол Бурабай ауданында ұсталды. Күдікті әкесінің қаражатын өз қажетіне жұмсағанын мойындады.

Әкесі ұлын кешіріп, арызын қайтарып алды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама