×

«Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Кирилл Кекер қызметінен кетті

Енді команданы 4 мамырда «Атырау» клубымен өтетін матчқа Рафаэль Уразбахтин дайындайды

 Дастан Жұмабекұлы 29.04.2024 | 12:27
Фото: fckairat.com

«Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Кирилл Кекер қызметінен кетті.

Футбол клубының хабарлауынша, ол командадаға басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметтен кетемін деп өтініш жазған. 44 жастағы маман «Қайрат» ФК-ында қала береді.

Кекер команданы 2022 жылғы маусымнан бастап жаттықтырған. Оның жетекшілігімен «Қайрат» 60 матч ойнап, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 ойында тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы уақытта «Қайрат» ФК академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

Енді команданы 4 мамырда «Атырау» клубымен өтетін матчқа бұған дейін «Қайрат-Жастар» ұжымын басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама