×

Қазақстанда кітапханаға көбінесе әйелдер барады – әлеуметтік зерттеу

Егде жастағы қазақстандықтар кітапты көп оқиды

 Дәурен Ерболат 25.04.2024 | 13:05
Фото: pixabay.com

Елімізде кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша кітапханаға 15-86 жас аралығындағы адамдар барады. Олардың 65%-ы әйелдер болса, 35%-ы – ерлер.

Кітапханаға оқушылар, студенттер, шағын бизнес өкілдері, зейнеткерлер мен уақытша жұмыс істемейтіндер жиі барады екен.

Зерттеуге сәйкес, респонденттердің 48%-ы өздері кітап оқитынын, 35%-ы оқуды ұнататынын, 15%-ы көп оқитынын және 2%-ы оқымайтынын көрсеткен.

Сауалнамаға қатысқан 90% оқырманды кітапханалардың кітап қоры қанағаттандырады.

Респонденттердің 45%-ы кітапханаларға жиі барса, 70%-ы тек жұмыс күндері барады.

  • Оқырмандар сұранысы бойынша детектив жанрындағы шығармалар мен психологияны оқитындар – 38%;
  • Өмір, махаббат туралы романға қызығатындар – 32%;
  • Естелік және тарихи кітапты оқитындар – 26%;
  • Салалық сипаттағы кітаптарды (аспаздық рецепттер, анықтамалықтар, медицина бойынша кеңестер) оқитындар – 4%.

Егде жастағы қазақстандықтандың оқуға деген құштарлығы жоғар – 60%.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама