×

Абай облысында әкімдік жерге қатысты заңсыз қаулы шығарған

Прокуратура наразылығымен жайылым мемлекетке қайтарылды

 Динара Амантай 25.04.2024 | 09:37
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы

Облыс прокуратурасының мәліметінше, Абай облысы Бородулиха ауданының әкімдігі жалпы ауданы 4,3 мың гектар болатын 15 жайылымдық жерді ауданның арнайы жер қорына заңсыз тапсырған.

Жер заңдарының нормаларына сәйкес, жайылым алқаптары жеке меншiкке пайдалануға берiлмейдi, олар тек халықтың мұқтажына, мал жаюға арналған. Елді мекендердің жайылымдық жерлерін заңға сәйкес арнайы жер қорына алу оларды кейін қайта бөлуді көздейді.

Прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде аудан әкімдігі шығарған заңсыз қаулы күшін жойды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама