×

«Блокчейн және ЖИ мектебі» курсының екінші модулі аяқталды

Курстар блокчейн технологиялары мен криптовалюта әлемінің негізгі аспектілерін ашуға бағытталған

 Динара Амантай 17.04.2024 | 09:44
фото: facebook.com

Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының мүшесі TechCompany «Блокчейн және жасанды интеллект мектебімен» бірге өткізген блокчейн негіздері мен криптовалюталар, SMART келісімшарттар, NFT және GameFi бойынша тегін шеберлік сағаттары сериясын аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Курстар заманауи блокчейн технологиялары мен криптовалюта әлемінің негізгі аспектілерін ашуға бағытталып, сондай-ақ NFT және GameFi-ге кіріспе түрінде өтті.

Курстар сериясын ұйымымыздың тәжірибелі блокчейн-әзірлеушілері жасады. Олар курстың әр бөліміне барлық қатысушылар үшін болашақта мейлінше пайдалы әрі тиімді бағыт болатын ақпаратты қосуға тырысты, – деді TechCompany директоры Артур Сүндетов.

ҚАБТ төрағасы Дәурен Қарашев «Блокчейн және жасанды интеллект мектебі» экономиканың өсуіне және Қазақстан азаматтарының цифрлық сауатын арттыруға ықпал ете отырып, инновациялар мен жаңа және стратегиялық маңызды технологияларды дамыту үшін қолайлы орта жасауға ұмтылатынын айтты.

Барлық шеберлік сағаты инновациялық технологиялар мен қаржы құралдары әлеміне бойлауға бірегей мүмкіндік береді және ол ел тұрғындарының цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру үшін қолға алынды.

Еске сала кетсек, 22 сәуірде «Блокчейн және жасанды интеллект мектебі» «Жасанды интеллект: қазіргі заманның басты талабы» тақырыбындағы тегін базалық курстар мен шеберлік сағаттарының үшінші модулін іске қосады. Курсты ЖИ саласындағы сарапшы, Omega Server.Inc Директорлар кеңесінің мүшесі және ондаған танымдық кітаптың авторы Анатолий Гин жүргізеді. Курсқа сілтеме бойынша жазылуға болады.

Анықтама үшін: TechCompany – блокчейн технологиясы бойынша TonSeed, ColdStack, Ustaking, Tokenize kz, Euphoria Games, Uwbo, Fob kz, Gemm, Rocki, Dexoo, Orbim сияқты 50-ге жуық жобаны табысты әзірлеп, іске асырған компания.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама