×

Оңтүстік Америкада футбол матчы жаппай төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)

Ойыншылар киім ауыстыру бөлмесіне дейін барып, бір-біріне қол ала жүгірген

 Дастан Жұмабекұлы 16.04.2024 | 17:40
Фото: видеодан кадр

Футболдан Уругвай чемпионатының 8-турында «Дефенсор Спортинг» пен «Ривер Плейт» клубтарының арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталды.

Бұл ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңген еді. Алайда матч аяқталысымен футболшылар бір-бірімен сөзге келіп, оның соңы төбелеске ұласқан. Ойыншылар киім ауыстыру бөлмесіне дейін барып, бір-біріне қол ала жүгірген.

Содан кейін полиция келіп, қос команданың ойыншыларын райынан қайтарған. Алаңдағы төбелес бас төрешінің ойын ережесін бұзған ойыншыға қызыл қағаз көрсеткенінен кейін басталған. Енді Уругвай футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитеті төбелеске кәнілі адамдарды жазаға тартады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама