×

Құлсарыдағы 3 мыңға жуық үй әлі су астында

Барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

 Дәурен Ерболат 16.04.2024 | 12:12
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Атырау облысы ТЖД ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева Құлсары қаласында 3 мыңға жуық тұрғын үй мен нысанның әлі су астында екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Жем өзеніндегі судың деңгейі тәулік ішінде 20 см-ге, ал су тасқыны басталғалы бері өзендегі судың деңгейі 136 см-ге төмендеген.

Барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Табиғи апаттың салдарын жоюға 3 мың 66 адам, 229 техника, 17 жүзу құралы, 31 мотопомпа жұмылдырылды. Қазір Құлсарыда 2 748 тұрғын үй мен нысан әлі су астында. Тұрғын үйлерден су сору жұмысы жүргізіліп жатыр, - деді Айсұлу Келдіғалиева ОКҚ-да өткен брифингте.

Бүгінде Жылыой ауданында 30 мыңнан аса текше метр су сорылып, су тасқынына қарсы 790 мыңнан аса қап, 200 мың тонна инертетті материал төселген.

Бұған дейін Қазақстанда 6 мыңға жуық үйді су басқаны белгілі болған еді. Сондай-ақ Құлсарыда қаза тапқан ер адамның 24 жастағы ұлы да табылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама