×

15 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша найзағай, тұман, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде дауыл болады.

 Халық үні 14.04.2024 | 19:45
Фото: stan.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 15 сәуірде болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронттардың өтуімен бұрынғысынша Қазақстанның көп бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қазақстан бойынша найзағай, тұман, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде дауыл болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама