×

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Кей өңірлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, екпінді жел соғады

 Халық үні 14.04.2024 | 07:03
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК  14 сәуірге Қазақстан аумағындағы ауа райының жалпы болжамын жариялады.

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелерде жаңбырлы және желді ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі.

Тек республиканың шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз, Қазақстан Республикасында найзағай, тұман, жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде бұрқасын күтіледі, - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама