×

Тасқын кезінде 12 мыңнан астам адам мен техникалар пойызбен тасымалданды

540 бала емдеу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерлеріне жеткізілді

 Динара Амантай 12.04.2024 | 12:30
Фото: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы

Су тасқынынан зардап шеккен 12 мыңға жуық әскери қызметші, еріктілер мен құтқарушылар ҚТЖ пойыздарымен тасымалданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес:

  • 8,9 мың жолаушы су басу аймақтарынан жолаушылар вагондарымен шығарылды.
  • 540 бала емдеу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерлеріне жеткізілді.
  • апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, Ұлттық ұланның 2,6 мыңнан астам жеке құрамы тасымалданды.
  • Төтенше жағдайды жою үшін 1 мың ауыр техника, 1 мың 500 тонна кесек тас, 5 мың 600 тонна қиыршық тас жеткізілді.
  • 45 шаюға қарсы және 47 өрт сөндіру пойыздары құрылды.
  • ҚТЖ арнайы пойыздарымен 9,9 мың текше метрден астам еріген су сорылды.
  • Табиғи апатпен күресу үшін 23 мыңнан астам теміржолшы, 930 волонтер-теміржолшы жұмылдырылды. 2,6 тонна гуманитарлық көмек жиналды.
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін 2 млрд.теңге бөлді.

Гуманитарлық жүкті тасымалдауға, адамдарды су басу аймақтарынан эвакуациялауға басымдық беріледі. Су тасқыны кезеңінде магистральдық теміржол инфрақұрылымын шайып кетуге жол берілмеді. Теміржол күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауға алынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін ТЖМ табиғи апат кезінде 100 мыңға жуық адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама