×

Кәсіпорындар жұмысшыларға 1,3 млрд теңге қарыз

Міндетін орындамағаны үшін оларға айыппұл салынды

 Дәурен Ерболат 08.04.2024 | 10:07
Фото: Halyq Uni

Бүгінде 92 кәсіпорын 7,4 мың жұмысшыға 1,3 млрд теңге қарыз, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 92 кәсіпорынның 7,4 мың жұмысшыға 1,3 млрд теңге берешек екенін анықтады.

Кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 112 нұсқама беріліп, 11,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5,4 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 560 млн теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама