×

Атырау облысының су басқан ауданынан пойыз жолаушылары тегін тасымалданады

Теміржолдың барлық бөлімшелері жұмысты күшейтілген режимге ауыстырды

 Динара Амантай 05.04.2024 | 11:04
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Атырау облысының су басқан ауданынан жолаушыларды тегін тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Су тасқыны салдарынан Құлсары-Доссор жолында көлік қозғалысы тоқтатылды. Азаматтарды әкету үшін арнайы пойыз бағыты ұйымдастырылған.

Бүгін сағат 10:30-да 5 вагоны бар пойыз Құлсары станциясынан Атырауға аттанды. Кері бағытта Атыраудан Құлсарыға пойыз сағат 19:00-де жөнелтіледі. Шоқпартоғай және Мақат станцияларында аялдамалар жоспарланған. Жолаушылар үшін жол жүру тегін болады.

Теміржолдың барлық бөлімшелері күшейтілген режимде жұмысқа ауыстырылды. Айналма жолдар жүргізіліп, су жиналатын орындар анықталды. Жер төсемінің, көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, дренаждық құдықтардың және т.б. жай-күйін бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді. Пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін суды бұру бойынша шұғыл іс-шаралар қабылданып жатыр. Қажетті құрал-жабдықтары мен материалдары бар 45 шайып кетуге қарсы пойыз толық дайын, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама