×

Түркістан облысында 20-дан аса ауыл ішімдіктен бас тартқан

Соның арқасында қылмыс азайып, жастардың спортпен айналысуына қызығушылығы артқан

 Дастан Жұмабекұлы 03.04.2024 | 16:35
Фото: Қазығұрт ауданының әкімдігі

Түркістан облысында 20-дан аса ауылдың ішімдіктен мүлде бас тартқаны белгілі болды. Олардың қатарында Арыс қаласындағы Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері, Бәйдібек ауданындағы Түйетас ауылы, Жетісай ауданындағы Алмалы елді мекені, Келес ауданындағы Шұқырсай және Мақташы ауылдары бар.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы Табысты елді мекені, Ордабасы ауданындағы Аққойлы, Жусансай, Төреарық пен Көлтоған ауылдары, Отырар ауданындағы Қарғалы ауылы мен Сауран ауданындағы Жүйнек, Шекербұлақ елді мекендері, Төлеби ауданындағы Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл ауылдары, сондай-ақ Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы ішімдіксіз ауылдардың қатарына қосылған.

Ауылдардың ішімдіктен бас тартуы ауыл ақсақалдары мен ел ағаларының бастамалары бойынша қолға алынып отыр. Соның арқасында ауылдарда қылмыс азайып, жастардың спортпен айналысуына қызығушылығы артқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама