×

Тасқыннан зардап шеккен аймақ оқушылары сауықтыру орталықтарына жолдама алады

Сондай-ақ педагогтерді қолдау мәселесі де қарастырылды

 Динара Амантай 03.04.2024 | 16:07
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірлік білім басқармалары басшыларының қатысуымен өткен аппараттық кеңесте су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларды еліміздегі ең үздік жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы оқу процесін сапалы ұйымдастыра отырып, балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Балалардың құқығын қорғау комитетіне ең алдымен көмекке мұқтаж отбасылардағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетсек, еліміздегі жыл бойы жұмыс істейтін 11 сауықтыру орталығы 6-сәуірден бастап оқу процесін ұйымдастыра отырып, балаларды қабылдауға дайын.

Оқушыларды тасымалдау үшін министрлік қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық пен ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Аппараттық кеңес барысында министр балалардың қауіпсіздігімен қатар, су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған педагогтерді қолдау мәселесіне де тоқталды.

Ведомство басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әріптестеріне көрсеткен кәсібилігі, адамгершілігі және шынайы патриотизмі үшін алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама