×

СҚО-да рұқсат етілмеген 10-нан астам полигон анықталды

Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жауапқа тартылды

 Динара Амантай 01.04.2024 | 12:35
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеуде бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды азаматтары Кодекстің 365-бабы 4-тармағын бұза отырып, облыста коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекітпеген. Аудан әкімдіктері Кодекс талаптарына қайшы, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және кәдеге жарату бойынша халыққа арналған тарифтерді әлі бекітпеген.

Облыстың барлық аудандарында Кодекс талаптарын бұза отырып, уәкілетті орган коммуналдық қалдықтарды қалыптастыру және жинақтау нормаларын есептеу қағидаларын қабылдамаған. Ал әкімдіктердің жауапты тұлғалары қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жұмыстарын ұйымдастырмаған.

Аққайың, Мамлют, Қызылжар аудандарынан рұқсат етілмеген (апатты) 10-нан астам полигон анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, апаттық полигондар жойылды. Сондай-ақ облыс әкімдігімен коммуналдық қалдықтарды қалыптастыру және жинақтау нормалары, тарифтер мен бағдарламаларды әзірлеу бойынша Жол картасы бекітілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама