×

Теміртауда төтенше жағдай жарияланды

Аймаққа ауыз су беру уақытша тоқтатылған

 Динара Амантай 30.03.2024 | 16:32
Фото: eKaraganda.kz

Теміртауда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Ораз Таурбеков айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты бұл аймаққа ауыз су беру уақытша тоқтатылған.

Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, қала басшысы төтенше жағдай режимін жариялады.

Оның аясында біз ауыз сумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, – деді қала әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама