×

Олжас Бектенов активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Бизнеске қысым жасауға жол берілмейді

 Динара Амантай 29.03.2024 | 16:47
Фото: t.me/KZgovernment

Бүгін премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Комиссия отырысы жаңартылған құрамда ұйымдастырылды. Комиссияның жаңартылған құрамына «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева мен Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов кірді.

Отырыс қорытындысына сәйкес, комиссия мынадай шешімдерді қабылдады:

  • Жалпы көлемі 85 млрд теңгеден асатын заңсыз иемделген активтерді қайтару туралы бірқатар келісімдер мақұлданды.
  • Мемлекетке қайтару жоспарланып отырған активтердің қатарында Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақшалай қаражат, компаниялардағы үлестер, қымбат зергерлік бұйымдар, 10 мың гектардан астам жер бар.
  • Сонымен қатар бұрын мемлекеттен «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің бірінің бақылауына заңсыз өткен құны 10 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын, пайда болуы түсініксіз кәсіпорынды актив ретінде мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз енгізу мақұлданды.

Комиссия шешімімен Заң субъектілерінің тізілімі екі жаңа тұлғамен толықтырылды. Оларға қатысты Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті тиісті іс-шаралар қабылдайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі жұмыстар күшейтіледі. Бұл ретте бизнеске қысым жасауға жол берілмейді. Мемлекетке қайтарылған барлық актив әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталатын болады, — деді Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама