×

Елімізде мопед жүргізушілеріне талап күшеймек

Бүгінде оларға ешқандай жауапкершілік жүктелмеген

 Дәурен Ерболат 28.03.2024 | 12:25
фото: qyzyljarnews.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда мопед жүргізушілеріне талап күшейетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айутынша, қазір түзетулердің екінші пакеті пысықталып жатыр. 

Олар қабылданғаннан кейін түбегейлі өзгерістер болады. Біріншіден, қозғалтқыш көлеміне қарамастан мопедтердің барлығы көлік санатына жатқызылады. Оларды жүргізу үшін А1 нұсқасындағы жүргізуші куәлігі мен 16 жастан асу керек. Осыдан кейін мопедтердің барлығын тіркеп, есепке қоямыз. Қазір осы көлік түрлерін басқаратындарға іс жүзінде ешқандай жауапкершілік жүктелмеген, - деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министрдің орынбасары әкімдерге де қосымша өкілеттілік берілетінін атап өтті.

«Бұл түзетулер пакетінде тағы бір өте маңызды норма бар. Енді әкімдерде самокаттарға қатысты реттеу өкілеттігі болады. Яғни олар өздерінің қосымша ережелерін белгілей алады. Бұл тұрғыда аталған көлікпен қайда өтуге болатынын, олардың қозғалысына қай уақытта тыйым салу керек екенін белгілейді. Мысалы, жексенбі күні саябақтарда серуендеп жүрген адамдар көбейгенде, паркте самокаттардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама