×

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды

Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы

 Динара Амантай 26.03.2024 | 09:06
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін түнде Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Өрт алаңы – 220 шаршы метр. Өрттің салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы мерт болды.

 Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде жалынды жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 техника жұмыс істеді.

ТЖМ тұрғындардан электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама