×

Алматыда ауданы 2,5 мың шаршы метрден асатын жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бірнеше жергілікті шағын аудандардың тұрғындары өрттен қорғаумен қамтамасыз етіледі

 Динара Амантай 25.03.2024 | 11:29
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы қаласының Бостандық ауданында тағы бір заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Салтанатты ашылу рәсімі Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтың, Бостандық ауданының әкімі Алин Санжардың, Алматы ТЖД гарнизонының жеке құрамының және арнайы шақырылған азаматтық қорғау ардагер қонақтарының қатысуымен өтті.

Ауданы 2,5 мың шаршы метрден асатын жаңа өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды. Құрылыс салушылардан кепілдік бар. Мұнда өрт сөндірушілер тәулік бойы, төрт ауысымда жұмыс істейтін болады. Бұл құтқарушылардың өрт орнына келу уақытын қысқартады.

Айта кетсек, бірнеше жергілікті шағын аудандардың тұрғындары өрттен қорғаумен қамтамасыз етіледі. Бұл – шамамен 45 мың адам және 146 шаруашылық жүргізуші субъект. Қазіргі өрт сөндіру бекетінде жеке құрамды жайлы орналастыруға арналған үй-жайлар, жаттығу спорт залы және жергілікті гарнизон қызметкерлері үшін абаттандырылған үш пәтер қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама